Сөздәйектер галереясы
Білім - таусылмайтын кең, ақыл - аздырмайтын ем.
Есірткіге қарсы спорт
Қозыбаев университетінде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Есірткіге қарсы спорт» атты тартылудан турнир өтті. Жарысқа университеттің 60-тан астам студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.
Жеңіске деген ынтаның арқасында қатысушылар бағалы сыйлықтар, медальдар мен дипломдар алды. Турнир спортшыларды біріктіріп, спорттық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Студенттер арасындағы жарыс қорытындысы:
1 орын-Свиржевский Данила – 36 тартылу
2 орын-Тастанбеков Әлихан - 30 тартылу
3 орын-Лопатин Андрей- 27 тартылу
Оқытушылар мен қызметкерлер арасында:
1 орын-Наумов Александр («Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы) - 48 тартылу
2 орын-Кузьменко Дмитрий («Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы) - 40 тартылу
3 орын-Притолюк Павел («Журналистика» кафедрасының аға оқытушысы) - 16 тартылу
Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Спорт университетімізді жаңа жетістіктерге шабыттандырады!
