Сөздәйектер галереясы
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В.А.Сухомлинский
«Сергектік және денсаулық» спартакиадасының алғашқы жеңімпаздары анықталды
Қозыбаев университетінде ПОҚ және қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада басталды. Жыл сайын студенттердің қысқы демалысы кезінде оқытушылар спорттық жарыстар ұйымдастырады. Бұл жолы спартакиадада спорттың 8 түрінен өтеді. Барлығы 50-ге жуық адам қатысады.
Жарыс үстел теннисінен бастау алды. Оған факультеттердің 8 командасы, ТжӘИ, Халықаралық кампус және әкімшілік-басқару персоналы қатысты. Ойындар айналмалы жүйеде өтті. Команда құрамы 3 қатысушыдан тұрады .
Нәтижесінде Әскери кафедра құрамасы жеңіске жетті (Саржанов Рабирт, Кириченко Александр, Кунтаева Ирина)! Педагогикалық факультет 2 орынды иеленді. Ал үшінші орын ӘБП қызметкерлеріне берілді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
07.01.2026
