Сөздәйектер галереясы
Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн
Конкурстық іріктеуден сәтті өткен әріптестерімізді құттықтаймыз!
Қуанышпен хабарлаймыз, әріптестеріміз Бакиров Алдияр мен Ермеков Ерназ «500 ғалым» бағдарламасы аясында Аризона университетінде (University of Arizona) ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуден сәтті өтті.
Аризона университеті біздің университеттің стратегиялық серіктесі болып табылады. Бұл серіктестік аясында академиялық қана емес, ғылыми ынтымақтастық та белсенді түрде дамып, бірлескен зерттеулер, тағылымдамалар мен тәжірибе алмасу жүзеге асырылуда.
Айта кету керек, бұған дейін осы бағдарлама бойынша Аризона университетінде ғылыми тағылымдамадан біздің факультеттің үш қызметкері өткен, бұл серіктестіктің тұрақты әрі нәтижелі екенін дәлелдейді.
Алдағы тағылымдаманың нәтижелері ортақ жобаларымызды дамыту мен ілгерілетуге елеулі үлес қосады деп сенеміз, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Әріптестерімізге сәтті де жемісті тағылымдама, жаңа ғылыми жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз
Кафедра ажош
16.01.2026
