Сөздәйектер галереясы
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо
Жоғары білімге алғашқы қадам
Болашақ талапкерлер екі күн бойы қызықты әрі танымды шараға қатысуға мүмкіндік алды. Қозыбаев университетінің қабырғасында 10 - 11 сыныптың 730-дан астам оқушыларына арналған Ашық есік күндері ұйымдастырылды.
Университет өкілдері оқушыларға білім беру бағдарламалары, қабылдау ережелері және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берді. Талапкерлер академиялық ұтқырлық, Қозыбаев университеті мен Аризона университетінде қос диплом бағдарламаларында білім алу мүмкіндігі туралы білді. Қазіргі уақытта университет биотехнология, IT, білім берудегі инклюзия, бизнес және менеджмент салаларында бес қос дипломдық бағдарламаға қабылдау жүргізіп жатыр. Мансаптық бағдар беру кездесуіне қатысқан Аризона университетінің өкілдері студенттермен осы бағдарламалар бойынша оқу мүмкіндіктері туралы әңгімелесті.
Қатысушылар студенттермен және оқытушылармен тікелей әңгімелесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Университеттің студенттік ұйымдары және шығармашылық бірлестіктері студенттерге арналған түрлі мүмкіндіктер туралы таныстырды.
Ашық есік күні талапкерлер үшін пайдалы әрі қызықты өтті. Мұндай кездесулер жастардың саналы түрде мамандық таңдауына және жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
05.03.2026
