Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
"Таныс болайық" атты шығармашылық кездесу
4 сәуірде Достық үйінде "Музыка пәндері" кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қала мектептері мен колледждерінің түлектерімен шығармашылық кездесу өтті. Концерттік бағдарламада халықаралық байқаулардың лауреаты студенттер хоры (жетекшісі - Зеленый А.Г., концертмейстері - Балабанова И.Е.), "Шертер" халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі (жетекшісі - Қабдолбәриев Ж.Т.), "Музыка пәндері" кафедрасының студенттері қатысты. Шығармашылық кездесу шеңберінде "Музыка пәндері" кафедрасының мамандықтары, "Мәдени тынығу жұмысы" және "Музыкалық білім" мамандықтарына оқуға түсу шарттары жайлы кәсіпке бағдарлау әңгімесі өткізілді.
Кафедра МД
