Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Ж-Ж.Руссо
Ақпараттық технологиялар факультеті апталығы
Ұстаздар мен оқушылар назарына!
Ақпараттық технологиялар факультеті апталығы шеңберінде "Ақпараттық жүйелер" кафедрасында мектеп және колледждердің оқытушылары мен оқушыларына арналған келесі іс-шаралар өткізіледі:
- "Практикалық информатика" атты оқушылар арасында сайыс
- Колледж оқушылары арасында бағдарламалау бойынша олимпиада
- Мектеп оқушылары арасында бағдарламалау бойынша олимпиада
- Қала және облыс мектептерінің ұстаздары арасында "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ұстаздың шығармашылығында" тақырыбында дистанциялық ең үздік сабақ беру сайысы
- Колледж және мектеп оқушыларының арасында ҰОС 70 жылдығына арналған "Халықтың ұлы істері" тақырыбында жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен құрастырылған сандық суреттер байқауы
- Колледж және мектеп оқушылары арасында ҰОС 70 жылдығына арналған "Батырды іздеймін" тақырыбында тарихи-өлкетану акциясы
18.03.2015
