"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Студенттеріміздің жеңісі

Жақында Талдықорғанда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде студенттердің «Ілияс әлемі» атты республикалық жастар фестивалі өткен болатын. Осы байқауға біздің университеттің «Тіл және әдебиет институтынан» 3 студент қатысып, жүлделі орындармен оралды. 

Байқауға еліміздің әр аймағындағы жоғарғы оқу орындарынан  120-дан астам студент қатысқан. Әдеби-мәдени сында студенттер үш номинация бойынша білімдерін сынаған. Атап айтқанда, зияткерлік, жыр мүшәйрасы және ғылыми жобалар. Екінші аталым бойынша бағын сынаған Айымгүл Қадірменова артқан сенімді ақтап, үздік үшінші орынды алып қайтты. «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» атты аталымда ынталандыру сыйлығына Саят Ермек ие болды.

09.06.2015