Некоммерческое акционерное общество
"Северо-Казахстанский университет
имени Манаша Козыбаева"
Крупнее
Галерея цитат

Душе, как и телу, присущи здоровье и болезнь. Здоровье души заключается в том, что состояния ее самой и ее частей бывают такими, благодаря которым совершаются всегда благие поступки, добрые дела и прекрасные действия.

Аль-Фараби

Азық-түлік өнімдерінің технологиясына арналған зертхана ашылды

«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін жаңа зертханалық бөлім ашылды. Бұл студенттерге теориялық білімді тәжірибе жүзінде іске асырып, жоғары маман болуға жол ашпақ.

Зертхананың ашылу рәсімі өте көңілді өтті. Студенттер келгендерге ұлттық тағам әзірлеп, олардың дайындалу дәстүрін айтып берді. Үстел үсті әр түрлі тамаққа толы болды. Келгендер қазақтың ұлттық тағамынан бастап өзбек, орыс, ағылшын және өзге де ұлттардың тамақтарынан дәм татты.

Университет ректоры Серік Өмірбаев мұндай зертханалар мамандардың дайындығын жақсартып, әр түрлі пәндердің шоғырын кеңейтеді дейді. Оның сөзінше, алдағы уақытта студенттер кооперативін құрастыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде оқу ордамыздың дамуына жағымды әсерін тигізбек. 

31.03.2017