#М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Алғыс айту күні "Жүректен жүрекке"атты кездесу кешін өткізужақсы дәстүрге айналды. Бұл кеш естеліктерді, мейірімділікті, бір-біріне алғыс айту мүмкіндігін сыйлады. "Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күнін - 1 наурызда - жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтетін болсақ, дұрыс болар еді. Бұл бізді бұдан да әрі жақындата түсер еді. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын мерекесі болуға әбден мүмкін болар еді",- деді Н.Ә. Назарбаев."Музыкалық пәндер" кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің орындауында музыкалық композициялар барлық кейіпкерлердің әсерлі оқиғаларына жарқын қосымша болды.