Жазушы-академик Сәбит Мұқановтың туғанына 118 жыл

26 сәуірде біз академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 118 жылдығын атап өттік. Осыған орай, оның өмірі мен шығармашылығына арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары және студенттерінің ұйымдастыруымен «Сәбит Мұқанов-халық жазушысы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған жазушының өмірімен бала күнінен таныс, танымал жерлесіміз туған елге келгенде бірге еріп жүрген облысымызға танымал журналист, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Амандық Жантеміров қатысты. Амандық Мырзахметұлы жиылған қауым алдында жазушының өмірі, шығармашылығы және жеке кездесулері туралы айтып берді. Жиын соңында арнайы келген мейманға кафедра меңгерушісі Жанбай Қадыров ризашылық білдіріп, алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ, облыстық «Солтүстік Қазақстан» және Северный Казахстан» газеттерінде филология ғылымдарының докторы, профессор Зинаида Табакованың жазушы Сәбит Мұқанов туралы «Өткен күндер қанат қаққанда» атты мақаласы жарияланды.

Аталған тақырыпта «Qyzyljar» және МТРА телеарналары эфирлерінен университет оқытушылары мен студенттері қатысуымен бағдарламалар шықты. Университет қабырғасында академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 118 жылдығына арналған бейне ролик көрсетілді.

27.04.2018