26 cәуірде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға Ямало-Ненецкий автономиялы округының үкіметтік делегациясы келді. Қонақтар ауданның солтүстік аралдарына экологиялық экспедицияны ұсынды.
Осы жылы экспедицияға қатысушылар Вилькицкий аралына аттанады, олар 15 күн ішінде (15.07.-29.07.2018 ж.) сол жерде кеңестік кезеңнен қалдырылған әскери базаның қоқыс аумағын тазартады, аралдың табиғатын зерттейді. Ұйымдастырушалар барлық шығындарды өз мойындарына алды. Бағдарламаны ұсынған соң 15 үміткер конкурстық іріктеуден өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.
Жігіттерді құттықтаймыз! Бұл жоба Ямалмен ұзақ және жемісті ынтымақтастықтың бастауы деп сенеміз.