ҚР Конституциясы күнінің қарсаңында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 28 қызметкері әртүрлі дәрежедегі наградалармен марапатталды

Салтанатты рәсім биылғы оқу жылының Ғылыми кеңесінің бірінші отырысының басталуына дейін өтті. Залға проректорлар, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері және университетің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Жиналған отырыста алғашқы сөзді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры С.Өмірбаев бастады. Өз сөзінде ол өткен оқу жылының қорытындылары бойынша университет қызметкерлерінің жақсы нәтижелерін атап өтті, сондай-ақ, келе жатқан - ҚР Конституциясының 23 жылдығы және Білім күнімен құттықтады.

Кейін тікелей  марапаттау рәсіміне көшті. Жоғары білікті мамандарды даярлау және университеттің дамуына қосқан үлесі үшін 10 оқытушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ведомствалық наградаларымен, 5 адам «Академик Манаш Қозыбаев» медалімен , тағы 5-і алғыс хатпен және 8-і  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорынан құрмет грамоталарымен марапатталды.

Университет оқытушылары мен қызметкерлерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!

28.08.2018