Осыдан 23 жыл бұрын, 30- тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.
Еліміздің қуанышты күніне орай 30 тамыз күні білім ордамыздың алаңында университеттің «Антурнан» халықаралық және заманауи хореографиялық ансамблі мен студенттер флешмоб биледі.
Мерекелі күнде ауа райы да шуақты болып, күн сәулесі жарқырап тұрды. Осылайша студенттеріміз барша Қазақстанды, университет алаңында жиналғандарды құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.