Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-да 4 қыркүйек күні «QYZYLJAR» студенттерге қызмет көрсету орталығы құрылды

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және білім беру жүйесінде өзгерістер енгізу мақсатына жету үшін, Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында және ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің көмегімен, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «QYZYLJAR» студенттерге қызмет көрсету орталығы 4 қыркүйек құрылды.

Бұл орталық студенттер үшін жаңа мүмкіндіктерге апарар жол болмақ. Басқа орталықтарға бармай-ақ өзіміздің университетімізде өздеріне керек анықтамаларды алып, «QYZYLJAR» студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен кез келген уақытта алысқа бармай-ақ  осы мекемеден әдіскерлерден  кеңес ала алады.  Университетке жүктелген міндеттердің тиімділігі көбінесе студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге уақытылы және сенімді материалдық-техникалық лайықты жағдай жасау үшін қамтамасыз етілген орталыққа айналмақ.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті өз елінде жұмыс істеуге, қазіргі заманғы білімге ие және Қазақстанның инновациялық және индустриялық даму міндеттерін табысты шешуге қабілетті мамандарды даярлаудың танылған орталығы болып табылады.

Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Елена Степаненко мен Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ербол Маратұлының қатысуымен ресми түрде 4 қыркүйек күні ашылу салтанаты өтті.

05.09.2018