М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға ҚХР, Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің өкілдері келді

10 қыркүйек күні білім ордамызда Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің өкілдері келді (ҚХР,  Янлин қ.). Кездесуді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев ашты. Ол қонақтарға біздің университет туралы және алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар жайлы айтты.

Өз кезегінде, Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің кеңес төрағасы Ли Синван өзінің оқу ордасы туралы айтып, СҚМУ басшылығына өз бастамаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында ЖОО арасындағы ынтымақтастыққа және агротехнопаркті құруға екі келісім шартқа қол қойылды.  Агротехнопаркті құру – бұл жарты жылдық серіктестіктің ең маңызды жетістігі. Ол тек біздің университетте ғана емес, барлық аймақта да аграрлық ғылымның даму орталығы болуы тиіс. Оның жұмыс мақсаты – трансферт жаңа технологиялық сорттарын зерттеу және оларды отандық жағдайларда пайдалану.

Сарапшылар бұл жұмысты 2018 жылдың мамыр айында бастаған және қазірдің өзінде алғашқы нәтижелерге қол жеткізді. Аймақтағы ең көп сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдарының көрсетілімі бар. 3 гектарға жуық жерде бидай, рапс, картоп, тары, бұршақты дақылдар қауіпсіз өсуде. Солтүстік Қазақстанның топырақ-климаттық ерекшеліктеріне бейімделу бойынша зерттеулер жүргізіліп жатыр. Ғылыми жұмыстардың қорытындысы бойынша бұл сорттарды фермерлердің өндірістік алаңдарына енгізу жоспарланып отыр. Айта кететін жайт, мұнда университеттің студенттері мен магистранттары сынақтарға қатысып, магистрлік және дипломдық жұмыстарын орындайды.

Агротехнопарктің қызметі білім беру, яғни практикалық және лабораториялық сабақтар мен ғылыми-зерттеулік жұмыстар бойынша екі бағытта салынатын болады. Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында осы айда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 6 студенті бір семестр көлеміне   Қытайға, Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетіне барады. Онда олар инновациялық зертханаларда білім алады.  Сонымен қатар, мұғалімдер үшін де  қысқа мерзімді тағылымдамадан өту жоспарлануда.

Айта кетейік, Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылық университеті Қытайдағы ең ірі аграрлы университеттердің бірі.

Бұл ЖОО-мен ынтымақтастық университет студенттері мен оқытушыларына халықаралық деңгейде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге, оқу үдерісіне прогрессивті технологияларды енгізуге және әлемдік еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

11.09.2018