2018 жылы 18 қыркүйек күні білім ордамызда делегаттар студенттерімен кездесу өткізді. Биыл мемлекет есебінен мыңға жуық студент университетке түсті. Олардың арасында Серпін бағдарламасымен түскен студенттер де бар. Серік Өмірбаевтың айтуынша, Президенттің үшінші бастамасы аясында облыстың түлектеріне жоғары білім берудің қолжетімділігі 40 % -ға өсті.
Танымал блогер Ғалым Байтұқ жастарды жоғары оқу орындарында сапалы білім алуға шақырды. Сонымен қатар, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстандағы сапалы білім беретін оқу орындарының бірі. Биылғы жылы университетімізде абитуриенттер саны артып, түлектердің саны 13 % -ға төмендеді.
Президенттің тағы бір бастамасы - студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту. Келесі жылы 1 200 орынға арналған жаңа жатақхана құрылысы басталады, ғимараттарды жөндеу жұмысы жүргізіледі.