2018 жылдың 28 қыркүйегінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Смағұл Сәдуақасов атындағы «Жас қалам» студенттер шығармашылық ұжымы мен олардың жетекшісі Рахмет Күлайханның ұйымдастырумен «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты жыр кеші өтті.
Іс-шара Тілдер апталығына орай ұйымдастырылды. Поэзия кешіне «Журналистика» кафедрасының оқытушылары мен 1-4 курс студенттері қатысты. Мерекелік іс-шараға Республикалық «Хабар 24» телеарнасының Солтүстік Қазақстандағы тілшісі Айдарбек Балғабеков арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Студенттер өздерінің тілге деген құрметін барынша көрсетуге тырысты. 3 тілде өлең-жырларын оқып, «Бес жаңалық» жайдарман тобы көңілді әзілдерімен және Айдархан Найманов қазақтың қара домбырасымен күй тартты.