Сөздәйектер галереясы
Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал. Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
Жүсіпбек Аймауытов
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері арасында күзгі кросстан жарыс өтті
2018 жылдың 28-ші қыркүйегінде «Сұңқар» спорт клубының ұйымдастыруымен Петропавл қаласының саябағында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттері арасында жарыс өтті. Жарысқа 50 адам қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша, үшінші орынды Тарих, экономика және құқық факультеті қанжығаларына байлады. Екіншісі Агротехнологиялық факультетіне бұйырса, жеңімпаз болып Педагогикалық факультет студенттері атанды.
02.10.2018
