2018 жылдың 24-25 қыркүйегінде Қазақстандағы ЭРАЗМУС+ бағдарламасының Ұлттық офисі Шығыс Қазақстан облысы жоғары оқу орындарының өкілдеріне арнап, «Жоғары оқу орнының академиялық саясаты: басқару, инструменттері мен субъектілері» атты аймақтық семинар-тренинг өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – университеттің академиялық саясатын тиімді іске асыру барысында жоғары оқу орындырының құрылымдық бөлімдері өкілдеріне қолдау көрсету және Эразмус+ бағдарламасы жобаларына университет студенттері, ОПҚ және қызметкерлерінің қатысу мүмкіндіктерін арттыру. Осымен қоса, Эразмус+ бағдарламасы («Жоғары білім беру потенциалын жоғарлату» және Халықаралық кредиттік ұтқырлық компонеттері бойынша), Жан-Моне бағдарламасы және Эразмус Мундус біріккен магистрлік бағдарламасының мақсаттары, құрамы және қатысу жағдайларымен таныстыру бойынша ақпараттық сессияға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің ректоры экономика ғылымдарының докторы, профессор Серік Өмірбаев қатысты.
www.vkgu.kz сайтының
материалдарына негізделген
Фотосуреттері
Сәрсен Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің
баспасөз қызметінің
көмегімен жасалған