2018 жылдың 3-ші қазанында СҚО әкімдігінің дін істер басқармасы мен ІІД экстремизмге қарсы басқармасы бірлесіп М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерімен кездесу өткізді.
СҚО әкімдігінің дін істер басқармасының бас маманы Аслан Әліппаевтың айтуынша:«Бұл кездесудің мақсаты – жас студенттер арасында дін саласын реттейтін заңнама мен ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізу, заңнаманың басты актілерімен таныстыру және дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушыларды алдын алу», -екенін атап өтті.
Сондай-ақ, кездесу барысында СҚО ІІД подполковнигі Спартак Қабденовте өз баяндамасын оқыды және студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарды да қоя алды.