Оқу ордасында Ресей, Қытай, Өзбекістан, Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Грузия және т.б елдерден келген 120-дан астам шетелдік студенттер түрлі мамандықтар бойынша білім алуда. Енді, осы тізімге Үндістан Республикасы да қосылды.
2018 жылдың қарашаның 1-і күні өңірге Үндістаннан 46 студент келді. Олар «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ЖОО-да білім алмақ.
Айта кету керек, М.Қозыбаев атындағы СҚМУағымдағы жылдың қыркүйек айында медицина мамандарын даярлау бойынша Үндістан мемлекетінде тіркелген.
Негізінен, оқу ордасында жоғары медицина мектебін ашу бұл ҚР БҒМ бастамасы болып табылады. Аталмыш жоба өңірдегі дәрігерлер тапшылығы мен үндістандық мамандардың жоғары сұранысқа ие болуына байланысты жүзеге асырылуда.