Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ) конкурстық құжаттамаға сәйкес «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» және мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша ғылымды дамытудың басым бағыты жөнінде (ғылыми зерттеулердің іргелі және қолданбалы) 2019 – 2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурсын өткізу туралы жариялайды.
Өтінімдерді дайындау және конкурстық құжаттаманы түсіндіру мәселесі бойынша кеңес беру мына телефондар арқылы қабылданады 8 (7172) 72-15-19, 72-13-16.
Өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін «МҒТСҰО» АҚ ақпараттық жүйемен жұмыс бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты: дүй.-жұм., 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Конкурстық өтінімдер қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы мына мекен-жай бойынша алынғаны туралы хабардармен ұсынылады: 010000, Астана қ. Достық даңғылы, 14, 2 кіреберіс, каб. 540, ҚР ҚМ Әскери ғылым және инновациялар басқармасы. Жұмыс уақыты: дүй.-жұм., 9:00-ден 13:00-ға дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі – жариялау сәтінен бастап 2019 жылғы 11 ақпанға дейін.