М. Қозыбаев атындағы СҚМУ түлектердің сұранымы бойынша Қазақстанның үздік 20 ЖОО қатарына енді

Электрондық еңбек биржасының сайтында жарияланған рейтингті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасы бойынша "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ жасаған. Онда жеке және мемлекеттік университеттер сынды елдің 101 жоғары оқу орны қаралды.

Мамандар ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу пайызын, жұмыс істейтін студенттердің санын, бос жұмыс орындарын іздеу ұзақтығы мен жұмысқа орналасу тұрақтылығын, сондай-ақ, түлектердің орташа жалақылары мен тәжірибелі әріптестердің осындай табысынан қаншалықты айырмашылығы бар екендігін талдаған. 2015-2017 оқу жылдары аралығында оқу орданы бітірген жастардың нақты жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер негізге алынды.

Рейтинг мәліметтері бойынша, еңбек нарығында ең табысты резидентура, әскери іс, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, сондай-ақ денсаулық сақтау мамандықтарының түлектері болды.

31.01.2019