М. Қозыбаев атындағы СҚМУ кәсіби-бағдар беру жұмыстарын бастады

2019 жылдың қаңтардың 31-і М. Қозыбаев атындағы СҚМУ кезекті аудандық кәсіби бағдар беру жұмыстарын бастады. Бұл жолы оқу ордамыз Тимирязев ауданына аттанды. Делегация құрамына – университет ректоры Серік Өмірбаев, факультет декандары және білім ордамыздың өнерлі жастары кірді.

Шараның мақсаты – мектеп түлектеріне оқу ордамыз жайлы толыққанды ақпарат таратып, кәсіби бағыт беру. Сол себепті университетіміз бұл міндетті ескере отырып, мектеп оқушыларына осындай талап қойып отыр. Оқу ордамыздың білікті оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің өмірі жайлы қызық тұстарын баяндап берді. Жалпы биыл бұл ауданда 79 оқушы мектеп бітіруде. 

Қонақтарды Тимирязев ауданының әкімі қарсы алып, университетіміздің өкілдеріне алғысын білдірді. Кейін ол ЖОО-ның ректоры Серік Өмірбаевқа медаль, «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісі мен құрмет грамотасы және факультет декандарына дипломдар табыстады. Іс-шара ректордың мектеп оқушыларына болашақ бағыты мен оқу орындарын таңдау мәселесін шешуге көмек бере отыра, дайындығын арттыруға ақыл-кеңесімен жалғасын тапты.

Өз сөздерінен кейін Серік Өмірбаев Тимирязев ауданының әкімі мен бір топ мектеп директорларын дипломдармен марапаттап, білім ордамыз туралы кітаптарды сыйға тартты. Университетіміздің белсенді студенттері оқу ордамыз жайлы біршама ақпарат айтып, академиялық ұтқырлық бағдарламасына тоқталды.

Кездесу өте қызықты өтті. Дәстүр бойынша университетіміздің өнерлі жастары концерт қойып, ән шырқады. Білім ордамыздың жайдарман құрама командасы да көрермендердің көңіл күйлерін одан әрі көтеріп, жүздерін күлкіге толдырды.

 

01.02.2019