СҚМУ қабырғасында заңгерлік көмек көрсететін арнайы клиника жұмысын қайта жаңғыртты

Ағымдағы жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Заң клиникасы» жұмысын қайта бастады. Аталмыш ұйым тарих, экономика және құқық факультетінің "Құқық пәндері" кафедрасы базасында жұмыс атқарады. Оның негізгі міндеті – қоғамның әлсіз қорғалған топтарына ақыл-кеңес беріп, қол ұшын созу.

Сондай-ақ, заң клиникасының құрылуы бұл ЖОО-ның студенттері арасында құқықтық сана деңгейін көтерудің нақты қадамы және СҚМУ базасында ЖОО-ның қызметкерлері мен қала тұрғындарына тегін заңгерлік кеңестер беру арқылы заңгерлік мамандықтағы студенттердің теориялық білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орнының ішінен заңгерлік кеңес беретін ұйым ашу - әлемнің алпауыт оқу орындарында бар. СҚМУ жастары да тың бастаманы қолға алып, заңгерлік көмекке мұқтаж жандардан бар білімін аямайтынын айтады. Мұндай ұйымды ашуда ұйымдастырушылар екі түрлі мақсатты көздеп отыр. Біріншіден, бұл университет студенттері тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға тегін кеңес беру.

Азаматтарға "Құқықтану "мамандығының жоғары курс студенттері кеңес береді. Осы уақытта олардың жұмыстарын білікті құқық қорғаушылар бақылайды: адвокат Павел Афанасьев, заң ғылымдарының кандидаттары Гүлбахша Мұсабаева, Қайрат Иманов және кафедраның басқа да оқытушылары.

Заңгерлік клиника заңгер-практиктерді жұмысқа тартуда. Осыны ескере отыра,  "Заң және құқық" ЖШС мамандарымен келісімге қол жеткізілді, оның негізінде оқу ордада арнайы кафедра бөлімшесі құрылған болатын. Айта кету керек, заң клиникасының жұмысы студенттерге тәжірибелік дағдыларды алып, университет ішінде болашақ заң қызметкерлері үшін кәсіби орта құруға көмектеседі.

Заң клиникасы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ № 6 оқу корпусының ғимаратында орналасқан. Мекен-жайы: М.Жұмабаев к., 114, 224 ауд. Байланыс нөмірі: 8-705-781-50-78. Қабылдау сейсенбі және жұма күндері сағат 17-ден 18-ге дейін жүргізіледі.

05.02.2019