Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Магистрлерге диплом тапсыру рәсімі
2019 жылдың 28 ақпанында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да магистрлерге диплом тапсыру рәсімі өтті. Олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді 1,5 жыл ішінде бейіндік бағыт бойынша шыңдаған. Жас мамандар индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында тегін білім алды. Содан кейін, олар емтихан тапсырып, диссертация қорғады. Міне, соңғы нүкте: қуанышты әрі қобалжулы, сыйлы диплом қолдарына түскен қызықты күн.
"Ақпараттық жүйелер" және "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламалары бойынша магистрлер дәрежесі ұсынылды:
- Коркин Алексейге,
- Сейтахмет Мағжанға,
- Захарченя Марияға,
- Мустафина Кристинаға,
- Петухов Олег,
- Рахматулинна Кристинаға.
