Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Үстел теннисінен жарыс өткізілді
2019 жылдың ақпанның 27-сі М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да оқытушылар мен қызметкерлер арасында теннис ойынынан жарыс өтті. Дүбірлі додаға университетіміздің барлық факультеттерінің ұстаздары ат салысты. Аталмыш шарада М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Наурыз мейрамы» кубогы ойнатылды.
Әрбір команда 2 ер азаматпен әйелден құралды. Ойын үш айналымнан тұрды. Жарыстың негізігі мақсаты – оқытушылар арасында үстел теннисін дәріптеу. Теннис ойыны үлкен шыдамдылықты талап ететін, қарқынды атлетикалық ойын. Сондай-ақ бұл белсенді демалыстың керемет құралы.
Ойынның қорытындысы бойынша ТҚЭФ құрамасы жеңіске қол жеткізді. Жүлделі 2-орынды ПФ иеленді, ал 3-орынға МЖҒФ жайғасты. Сайыстың соңында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге құрмет грамоталары табысталды.
