Университет пен СҚО бойынша Тексеру комиссиясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

2019 жылғы 11 сәуірде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қабырғасында ІТ - технологияларды пайдалану арқылы электрондық мемлекеттік аудитті өткізудің пилоттық жобасының мәселелерін қарау және талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ, СҚО бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды.  Оның төрағасы Тілеген Каскин баяндама жасады.

Іс-шара соңында аталған мемлекеттік мекеме мен біздің ЖОО арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат мемлекеттік аудит жүргізу бойынша тәжірибе алмасуға, ал студенттерге "СҚО бойынша тексеру комиссиясы" ММ тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.

12.04.2019