М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ТОП-10 ҚР үздік ЖОО-лар қатарына енді

Бүгін 2019 жылғы мамандарды даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша ҚР ЖОО-ның талап етуінің ұлттық рейтингісінің қорытындысы белгілі болды.

Мұндай зерттеуді Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) 2014 жылдан бастап жүргізеді. Биыл ұлттық рейтингке 59 ЖОО, оның ішінде 8 Ұлттық, 21 Мемлекеттік,10 Акционерлік және 20 жеке меншік кірді.

Бағалау 5 көрсеткіш бойынша жүргізілді:

  1. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы мәліметтер.
  2. Түлектерді жұмысқа орналастыру және еңбек нарығында сұранысқа ие болу.
  3. Талантты студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің жоғары шоғырлануы.
  4. Білім беруді интернационалдандыру.
  5. Мамандық оқытушылары, магистранттары мен докторанттарының ғылыми-жарияланымдық белсенділігі.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ топ-20 бас рейтингісінде 10-шы орынға ие. Өткен жылмен салыстырғанда жоғарғы оқу орны үш орынға көтерілді.

М. Қозыбаев атындағы  СҚМУ-дан 2019 жылы үздік үштікке келесі білім беру бағдарламалары енді:

  • ­   6D075100 Информатика, есептеу техникасы және басқару – 1 место
  •    5М071600 Аспап жасау – 1 место
  • ­   5В060900 География  – 3 место
  • ­   5В080100 Агрономия – 3 место
  • ­   5В010100  Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу – 3 место
  • ­   5В071200 Машина жасау – 3 место
  • ­   5В071600 Аспап жасау – 3 место

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ мамандарын даярлау бағыттары бойынша институционалдық (бас) рейтингісінде "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" санатында 7 орынды иеленген (2018 жылы - 10 орын).

15.05.2019