М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да шығармашылық қабылдау емтихандары өтті

Шілденің алғашқы күндері еліміз бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау үшін шығармашылық емтихандар басталды. Осыған орай, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да апта бойы «Музыкалық білім», «Мәдени-тынығу жұмысы», «Журналистика», «Дизайн», «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарына оқуға түсу үшін қабылдау емтихандары өтті. Өз өмірін журналистика, шығармашылық, музыка және спортпен байланыстырғысы келетін түлектердің саны 200-ге жуық болды. Жалпы осы 5 мамандық бойынша өткен емтихан 2 кезеңнен тұрды.

Мәселен, болашақ БАҚ өкілдері алғашқы күні эссе жазса, келесі күні ауызша тапсырды. Қаламдарын ұштап, 4-билік өкілдігінде қызмет етуді мақсат тұтқан оқушылар өз білімдеріне сенімді болды. Айта кету керек, емтихан басталмай тұрып, «Журналистика» кафедрасы талапкерлер үшін 3 байқау ұйымдастырған болатын. Біріншісі – «Жас журналистің сырттай мектебі» деп аталады, онда қатысушылар берілген тақырып бойынша эссе жазып өзге де тапсырмаларды орындаған. Екіншісі, «Мен журналист болған кезде» деген тақырыпқа бейнеролик түсіру. Ал үшінші байқауда оқушылардан «Отан неден басталады» мәселесін ашып, 3 минуттық ролик жасау талап етілді.

Сонымен қатар, оқу ордада дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасының 2 білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсем дегендер емтихан тапсырды. 100-ге тарта талапкер университеттің гимнастикалық залында спорттық нормативтерді орындап шықты. Алғашқы күні болашақ спортсмендер жалпы дене даярлығы бойынша емтихан тапсырды. Яғни, тартылу, итерілу,  ұзындыққа секіру, және брусьяда бұрыш ұстау жаттығуларын орындады. Келесі күні барлық оқушылар мамандану бойынша нормативтер мен жаттығуларды дендеп шықты.  Ал қыз балалар болса денесін бүгу және ұзындыққа секіруден нормативтер тапсырды.

Биылғы жылы «Музыкалық білім», «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандықтарға 60-тан астам талапкерлер күндізгі және қашықтықтан оқыту формасына құжат тапсырыпты. Олардың қатарында тек біздің облыстан ғана емес, сонымен қатар Көкшетау, Щучье және Қазақстанның басқа қалаларынан, тіпті Монғолиядан келген оқушылар да бар. Емтихан тапсырушылардың кейбірімен оқытушылар жақсы таныс. Көп жағдайда, бұның бәрі кәсіби бағдар беру жұмысының арқасында. Алайда кейбір түлектер "Таңшолпан", "Орфей және Қорқыт мұрагерлері", "Дарынды жастар" байқауларында белсенділік танытқан болатын.

Ал дизайн мамандығына оқуға түсу үшін табандылық пен қырағылық таныту аз. Мұнда ерекше талант керек, кем дегенде жақсы қабілеттер – кескіндеме жасау мен сурет салуда. Сондықтан бұл талапкерлер өз мүмкіндіктерін ескере отырып, өздерінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдайды. Жалпы шығармашылық емтиханды ағымдағы жылы 19 түлек тапсырған.

12.07.2019