Қасия Қангужинаның 70 жасқа толуына орай «Ұстазым-ұлы тұлға» атты дөңгелек үстел өтті

Университет профессоры, Қазақстан Республикасының білім берудің құрметті қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты, «Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті Қасия Кангужинаның 70 жасқа толуына орай «Ұстазым-ұлы тұлға» атты дөнгелек үстел өтті.

Біздің университетімізде 1974 жылдан бері  Қасия Кангужина жұмыс істейді. Лаборанттан кафедра меңгерушісіне, содан кейін дене тәрбиесі факультетінің деканына дейін көтерілді. Іс-шараға оның әріптестері, достары және шәкірттері, соның ішінде  қазіргі таңда әлемге  танымал спортшылар қатысты. Бокстан әлем чемпионы Жанат Жақиянов ұстазын құттықтап, ел үшін кәсіби спорт кадрларын даярлауға қосқан үлесін атап өтті.

Жиналғандар Қасия Мырзахметқызының  «Физикалық белсенділіктің адам ағзасының функционалды жағдайына әсерін зерттеу» бағыты бойынша жүргізетін ғылыми жұмысына назар аударды. 160-тан астам ғылыми жарияланымдар, оқу құралдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

Ғылыми-педагогикалық қызмет барысында Касия Мырзахметқызына университетнің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаттары, университет ректорының грамотасы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі,  сонымен қоса, алтын медалі берілді.

02.10.2019