Кәсіби бағдар беру сапары жалғасуда

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ кәсіби бағдар беру делегациясының сапары жалғасуда СҚО аудандарында жалғасуда. Осы аптада университет қызметкерлері мен педагогтары Мағжан Жұмабаев, Жамбыл, Есіл және Ақжар аудандарына барды. 

Алдымен университет өкілдері Полудино ауылы мен Булаево қаласының оқушыларымен кездесті. 10 және 11 сынып оқушылары университеттің барлық 107 мамандығы туралы толық ақпаратпен танысты. Қатысушылар қазіргі уақытта сынамалық тестілеуден өту кезеңінде. Қабылдау комиссиясының мүшелері университетке түсу ерекшеліктері, ҰБТ өткізу мерзімдері, грантта оқу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Әр факультет бойынша презентациялық материалдар таратылды. 

Сондай-ақ түлектер студенттік өзін-өзі басқару белсенділерімен кездесті. Мағжан Жұмабаев ауданындағы үгіт шараларына барлығы 180 талапкер қатысты. Пресновка ауылында мектеп түлектеріне арналған Форум ұйымдастырылды, онда өз оқу орындарының тұсаукесерлерін Солтүстік Қазақстан облысының колледждері мен өңірдің жалғыз жоғары оқу орны ұсынды. Көптеген оқушылар болашақта жоғары білім алу керек деген болжамға тоқтаған, сондықтан біздің білім беру бағдарламаларымыз туралы көбірек білуге олардың құқығы бар. Кәсіби бағдар беру шаралары облыстың басқа аудандарында да жалғасын табады.

Биыл өңір мектептерінен 3300-ден астам түлек мектеп табалдырығын аяқтайды. Олардың барлығы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мамандықтары туралы толық ақпарат алады.

14.02.2020