«Қаржы» мамандығының студенттері ғылыми жарыстан жүлделі оралды

Университетіміздің «Қаржы» мамандығының 2-ші курс студенттері «Бизнес, право, IT и инновационное общество» атты IV халықаралық ғылыми жобалар сайысына қатысты. Байқау сырттай ұйымдастырылып, 3 кезеңнен тұрды. 

Жас ғалымдар жарысында «Қаржы және менеджмент» кафедрасының білім алушылары жыл сайын университет намысын қорғайды. Ал биыл оқу ордамыздың 7-і студенті өздерін үздік деп танытты. Бейсембай Дюсенов халықаралық сында жеңімпаз деп атанды. Оның ғылыми жұмысын қазылар алқасы жоғары бағалап, 1-ші дәрежелі дипломды табыс етті. Ал қалған қатысушы студенттер сертификаттармен марапатталды.

Бұған қоса, аталмыш мамандықтың 3 курс студенттері «Interclover» халықаралық курстық жұмыстар байқауына ат салысып, олжалы оралды. Білім алушылардыңқабілетін жетілдіруге кафедра ұжымы бір адамдай ат салысқан.  Айта кету керек, кафедрада «Аверс» және «Зияткер» студенттік ғылыми қоғам жұмыс жасайды.

19.03.2020