Сөздәйектер галереясы
Мұғалім деген ат - қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.
Кураторлық сағат
20.10.2020 ж. “Саз пәндер” кафедрасының МБ-17қ, МБ-18қ, МБ-19қ, МБ-20қ топтарының қатысуымен “Терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл” атты кураторлық сағат өткізілді. Терроризмге қарсы күрес бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Бүгінгі кураторлық сағатымыз терроризмнің саяси - әлеуметтік құбылыс ретіндегі табиғатына арналды. Іс-шарада “Терроризм деген не?”, “Лаңкестерді қозғайтын нәрсе”, “Терроризмнің салдары қандай”, “Терроризмнің қандай түрлері бар?” деген сұрақтар талқыланды. Талқылау барысында студенттер өз ойларын ортаға салды. Қауіп-қатер туылған жағдайдағы нұсқаулықпен танысты.
Кафедра МД
