Петропавл мұғалімдер институты (1937-1955 гг.)

Петропавл мұғалімдер институты (1937-1955 жж.) М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттінің тарихы біздің мемлекет тарихымен, оның мәдиниетпен, біліммен .....байланысты.

Петропавл мұғалімдер институты елімізде білім беру ісінің өмірлік қажеттігіне байланысты  аймақта мұғалімдердің жетіспеушілігіне байланысты Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1937 жылғы    19 наурыздағы қаулысына сәйкес құрылып, 1937 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаратылыстану-жағрапия және тарих мамандықтары бойынша сабақ бастады. Алғашқы жылы өз ғимараты болмады да, институтқа  келесі жылы Партизан көшесі бойындағы жаңа мектептің үйі мен бұрынғы мешіт және оқытушыларға арналған екі қабатты үй бөлінді.