Әскери кафедра

Әскери кафедраның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері,  басқа да әскерлері мен құралымдары үшін запастағы офицерлерді дайындау болып табылады.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 наурыздағы №160 қаулысы негізінде құрылды. 

1998 жылғы 1 қыркүйектен бастап  ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Мәдениет және денсаулық министрлігінің бірлескен комиссиясы шешімі бойынша, олардың бірлескен бұйрығы негізінде әскери кафедра әскери-есептік мамандықтары бойынша студенттерді даярлай бастады.

Презентация о военной кафедре

18 жыл ішінде әскери кафедра 2500-ден астам запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлады. Әскери кафедраның түлектері Қарулы Күштер, Ішкі істер министрлігі, ҰҚК шекара әскерлерінде және Қазақстан Республикасының басқа әскери құралымдарында қызмет етуде.

Әскери кафедра білім беруді  бес әскери-есептік мамандықтары бойынша жүзеге асырады: «Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану», «Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру», «Психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру», «Идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру»,  «Темiр жол, су және әуе көлiгiмен әскери қатынастарды және әскери тасымалдауды ұйымдастыру».

Кафедрадағы оқу процессінің тиімділігін арттыру мақсатында электрлендірілген стендттер, тренажерлар, макеттер, компьютерлер, аудио және видеотехникалары, мультимедийялық кешендер, интерактивті технологиялары кеңінен қолданылады.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін әскери кафедрада, стендтермен, көрнекі құралдармен, мультимедиялық проекторлармен жабдықталған, 12 арнайы аудиториялар бар, соның ішінде:

  • тактикалық дайындық сыныбында жергілікті жердің макеті, мультимедиялық проекторлар, интерактивті такта бар және РХБ (радиациялық, химиялық, биологиялық (бактериялық) қорғаныс құралдарымен жабдықталған;
  • әскери-инженерлік дайындық сыныбы мультимедийялық кешенмен, стендтермен жабдықталған;
  • техникалық дайындық сыныбында жаяу әскердің ұрыс машиналары ЖҰМ-1, ЖҰМ-2, ЖҰМ кесілген сыныбы (макеті), қосалқы бөлшектер, тораптар мен агрегаттар орналасқан.

Атыс дайындығынан сабақ өткізу үшін: «Рубин» электронды лазерлі тирімен,  мультимедийялық кешенмен, стендттермен, байқау құралдарымен, қару-жарақ және оқ-дәрілермен жабдықталған сыныптар бар.

Тесттілеу өткізу үшін компьютерлік сыныбы бар.

Әскери кафедрасында студенттермен тәрбие, әскери-патриоттық және бұқаралық-қорғаныс жұмыстарын өткізу үшін, мультимедийялық кешенмен, жабдықталған 154 отырғу орнымен акт залы бар.

Әскери кафедрасының кітапханалық қоры 2520 дананы құрайды.

2015 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ  әскери кафедрасының студенттері І Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында Қазақстанның 25 әскери кафедралары арасында әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша ІІ орынға ие болды.

Әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы өзінің кәсіби және моральдық-іскерлік қасиеттері бойынша оған жүктелген міндеттерді орындауға, оқу және тәрбие жұмысын өткізуге және басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес әскери даярлық бағдарламасын толық көлемде орындауға мүмкіншіліктері бар.

Құрылымы


 

Альжапаров Совет Кайркенұлы

Әскери кафедрасының бастығы, педагогика ғылымдарының магистрі, полковник

 +7 (7152) 369474 (факс)
 Ішкі 1116
 101/7
 


 

Казанов Катран Сатыбалдыұлы

Әскери кафедрасы бастығының орынбасары, педагогикалық білім беру магистрі, майор

+7 (7152) 369456, қосым. 1124
102/7

 

Каражуманов Ерік Ермекұлы

Тактикалық, атыс және техникалық дайындық циклының бастығы,
запастағы аға лейтенант

+7 (7152) 369456, қосым. 1118
213/7

 
 

Мұрзатаев Серікбай Тлеукенұлы

Жалпы әскери пәндер циклының аға оқытушысы, запастағы майор

+7 (7152) 369456, қосым. 1126
202/7
   

Беспалов Александр Анатольевич

Тактикалық, атыс және техникалық дайындық циклының аға оқытушысы, педагогика магистрі, запастағы полковник

+7 (7152) 369456, қосым. 1117
208/7

 

 

Саутбеков Қалиолла Нурланұлы

Тактикалық, атыс және техникалық дайындық циклының оқытушысы, запастағы полковник

+7 (7152) 369456, қосым. 1117
208/7
  Капбасов Болат Хайруллаұлы

Тактикалық, атыс және техникалық дайындық циклының оқытушысы, запастағы полковник

+7 (7152) 369456, қосым. 1117
208/7
 
 

 

Галиев Борис Вагизович

Жалпы әскери пәндер циклының  оқытушысы, старший лейтенант запаса

 +7 (7152) 369456, қосым. 1117
 208/7
    Сарсембаев Жанат Зиядинұлы

Жалпы әскери пәндер циклының оқытушысы, запастағы подполковник

+7 (7152) 369456, қосым. 1126
202/7
 

 

Джуринов Баходир Саттарұлы

Жалпы әскери пәндер циклының  оқытушысы, запастағы подполковник

 +7 (7152) 369456, қосым. 1126
 202/7

  Есматов Тулеген Айткенұлы

Әскери кафедрасының нұсқаушы-сержанты, старшина

+7 (7152) 369456,
қосым. 1117
208/7
 

 

Башенов Каербек Женишұлы

Қойма бастығы

 +7 (7152) 369456, қосым. 1117
 208/7
  Шаяхметова Толқын Адырқызы

Іс жүргізу бастығы

+7 (7152) 369456, қосым. 1122
105/7
 
 

Узунжасова Альбина Маратқызы

Біліктігі жоғары деігейдегі маман

+7 (7152) 369456, қосым. 1123
103/7
  Жукенова Мадина Жанкелдіқызы

Біліктігі жоғары деігейдегі маман

+7 (7152) 369456, қосым. 1123
104/7
 

 

Қадырменова Айгүл Сәкенқызы

Кітапханашы

+7 (7152) 369456, қосым. 1125
111/7
  Кунтаева Ирина Александровна

Біліктігі жоғары деігейдегі маман

 +7 (7152) 369456, қосым. 1123
 103/7
 

 
 vk_skgu@mail.ru