Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
МФ: Независимая экзаменация

Медицина факультетінде бітіруші курс студенттерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау басталды. Бұл маңызды және көптен күткен кезең болашақ дәрігерлерд әрі қарай оқу

28 мамыр 2025
МФ: Медицина факультетіндегі жұмыс кездесуі: жедел медициналық көмек мәселелерін талқылау

Медицина факультетінде Солтүстік Қазақстан облысының облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының бас дәрігері Юрий Анатольевич Белоног пен медицина әрі қарай оқу

26 мамыр 2025
МФ: Встреча руководителей медицинского факультета и института судебных экспертиз: обсуждены шаги к стратегическому сотрудничеству

23 мамырда медицина факультетінің директоры Бахтияр Серікұлы мен сот сараптамасы институтының директоры Еркебұлан Еркенұлы Мұқановтың кездесуі өтті. Т әрі қарай оқу

23 мамыр 2025
ТжӘИ: “Отандық және әлемдік әдебиетті оқу арқылы көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2025 жылғы 22 мамырда С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада тілдік даярлық кафедрасы және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан ун әрі қарай оқу

23 мамыр 2025
ТжӘИ: Ғылми-практикалық конференциясы

М. Қозыбаев атыындағы СҚУ, Тіл және әдебиет институтында 2025 жылдың 28 сәуірінде «Тілдер мен әдебиеттерді зерттеудің теориялық және әдіснамалық әрі қарай оқу

21 мамыр 2025
МФ: Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен жұмыс кездесуі

СҚУ КЕАҚ медицина факультеті директорының жұмыс кездесуі өтті. М. Қозыбаева Б. Серік Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармас әрі қарай оқу

20 мамыр 2025
МФ: профориентационная встреча с участием представителей Управления государственного надзора г. Петропавловска и Отбасы банка

14 мамырда медицина факультетінде Петропавл қаласы Мемлекеттік қадағалау басқармасы мен Отбасы банкі өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдарлау кездесуі әрі қарай оқу

20 мамыр 2025
ПФ: ТҮЛЕКТЕРМЕН КОНКУРСТЫҚ КЕЗДЕСУ

М.Қозыбаев атындағы СҚУ ПФ педагогика және психология кафедрасы 3-ші жыл қатарынан «Trigger психолога-profi» облыстық конкурсын өткізуде. әрі қарай оқу

14 сәуір 2025
ПФ: "Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар" ХҒТК-сының шетелдік секциясы

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ педагогика факультетінде Урал мемлекеттік педагогикалық университетінің (Екатеринбург қ.) серікт әрі қарай оқу

14 сәуір 2025
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Ғылым декадасы аясындағы марапаттарҚазақстан Республикасында 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай, университе әрі қарай оқу

11 сәуір 2025
Барлығын оқу

«Журналистика және әлеуметтік ғылымдар » кафедрасының даму тарихы

 «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы тарихынан

«Журналистика» кафедрасын ашу үшін үлкен сүрлеу жол салынды. Университетімізде журналист мамандығын дайындау 1997 жылы қолға алынған болатын. Осыған дейін аймақтық БАҚ-та білікті кадрлардың жетіспеушілігі байқалатын, облыстық білім беру мекемелерінің ешқайсысында журналистік шеберлік оқытылмады. Бұл олқылықтарды филология ғылымдарының докторы, профессор Зинаида Табакова және сол кездегі Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов түзеуге шешім қабылдады. Олардың бастамасы бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасында жаңа мамандық ашылып, солтүстікқазақстандық талапкерлер үйден шалғайға шықпай-ақ журналистиканың қыр-сырын ұғынуға мүмкіндік алды.

Алғашқы жылдары «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары студент-журналистердің сабағын өткізді. Ал «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы жанынан қазақ бөлімі ашылған кезде арнайы пәндерді оқыту үшін тәжірибелі журналистер шақырыла бастады. Мәселен, республикалық және шетелдік журналистиканы оқыту үшін жергілікті майталман журналистер Бақыт Мұстафин, Зарқын Тайшыбай, Рахима Жұмбаева, Луиза Власова, Наталья Копылова, Сергей Кузнецов және басқалар өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, Татьяна Морозова мен Әшекей Сәуырбаева жиырма жыл бойы кәсіби журналистер дайындау ісімен айналысып келеді.

Айта кетейік, сегізінші қыркүйекте Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күні аталып өтеді. Біздің мамандығымыз үшін бұл күн символдық сипатқа ие, өйткені 2016 жылы сол кездегі Манаша Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының бастамасымен «Журналистика» кафедрасы ашылды. Оның меңгерушісі болып филология ғылымының кандидаты, доцент Айсұлу Шайкенова тағайындалды. Осы сәттен бастап біз үшін тәуелсіз де ізденіске толы өмір жалғасты. Бұрын бірге жұмыс істемеген орыс және қазақ тілді білікті мамандардан жаңа ұжым құрылды. Әрқайсысының өзіндік мінезі, көзқарасы мен оқыту талабы бар білікті мамандар. Оның ішінде Зарқын Тайшыбай, Татьяна Морозова, Гүл-гүл Төлешева, Әшекей Сауырбаеваны ерекше атап өтуге болады. Кафедра оқытушылары бұрынғы магистранттарымен толығып отыруда, бүгінгі күндері кафедраның дамуына Мария Пономаренко, Ерлан Оразов, Күлайхан Рахмет, Нұргүл Ахметова, Айсара Шалабаева сияқты оқытушылар қатарының да зор еңбегі сезіледі. Бүгінде бұл орта ойы мен мақсаттары бір, ынтымағы жарасқан ұжым.

Әрине, біздің кафедра осы жылдары қалыптасу кезеңін бастан өткеріп жатса да, жұмыстары оң бағаланатын сәттер жетерлік. Мәселен, 2018 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингіне қатысқан М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 34 білім беру бағдарламасының 27-сі бойынша жүлделі орындарға ие болса, соның ішінде «Журналистика» кафедрасы да бар. Қорытынды нәтижелері бойынша еліміздің 24 жоғары оқу орны ішінде біздің  университет бірінші орыннан көрінді. Келесі жылдары да жеңіс биігінен көрініп келеді.

Кафедра меңгерушісі Айсулу Шайкенова: «Біз үйлесімді және өте нәтижелі жұмыс істейміз. Оған дәлел – «Атамекен» ҚР ҰКП Білім беру бағдарламалары рейтингінде «Журналистика» кафедрасы алған жоғары жетістік. Бұл біздің кафедрада дайындалған мамандардың республикада жақсы беделге ие екендігінің дәлелі, ал біздің оқытушылар әрқашан оқыту әдістемелерін жаңартуға және жетілдіруге ұмтылады. Студенттер тәжірибе алмасу үшін Петропавлда ғана емес, Астанада өтетін республикалық және өңірлік байқауларға, шеберлік сыныптарына, форумдарға қатысуға тырысамыз. Мұндай кездесулер әрдайым кафедра студенттері мен оқытушыларын рухани байытады».

Айта кету керек, кафедра БАҚ және басқа да университеттермен үнемі серіктестік қарым-қатынасты кеңейтуге ұмтылады. 2018 жылы үш студент Астана қаласындағы (қазіргі Нұр – сұлтан) «Қазмедиа» орталығында тегін тағылымдамадан өтті. Жыл сайын магистранттар өңірдің медиа кәсіпорындарында, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және басқа да жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Қазақстан мен Ресейдің кәсіби шеберлері (Нұр-сұлтан, Алматы, Омбы және т.б.) біздің студенттер мен магистранттарға  жинақталған білімі және тәжірибесімен бөлісу үшін шақырылады.

Біздің кафедра тарихының тағы бір маңызды ерекшелігін атап өтуіміз керек. Журналистика бір орында тұрмайды, журналистер еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Заман талабымен бірге адымдап, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін іздеуді талап ететін мамандықтың білім беру бағдарламасы жаңартылып, 2020 жылы «Журналистика» кафедрасы «PR-журналистика» мамандығы болып қайта құрылды. Сонымен бірге болашақ мамандардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері де кеңейді: PR-менеджер, жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман, тілші және репортер (ТВ, радио, баспасөз), интернет-басылымның қызметкері, баспасөз хатшысы, шолушы, әдеби қызметкер және т. б.

Оқу барысында білім алушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға көп уақыт бөлінеді: кафедрада 2021 жылы «Парасат» редакциясының ашылуы тәжірибені оқу процесіне тікелей кіріктіруге мүмкіндік берді. Барлық студенттер «Парасат» телебағдарламасы мен газет шығарылымдарын дайындауға қатысады, репортерлық және редакторлық шеберлікті меңгереді, камерамен, фотоаппаратпен жұмысты, беттеу мен монтаждауды меңгереді.

Жалпы, 2001 жылдан бастап кафедраның орыс және қазақ бөлімдері 500-ден астам білікті мамандар шығарылды, олар еңбек нарығында сұранысқа ие және өздері жұмыс беруші ретінде әрекет етеді. Жыл сайын мамандыққа қабылдау артып келеді. 2021 жылдың қыркүйегінде 25-ші мерейтойлық қабылдау жылы аталып өтті. Бакалавриат түлектерінің магистратурада жоғары білім алуды жалғастыруға, ғылыммен, практикалық қызметпен айналысуға және өз тәжірибесін жас журналистермен бөлісуге мүмкіндігі бар. Қуаныштысы, осы жылдары тарихты ғана қалыптастырып қойған жоқпыз, сонымен қатар фактілер мен пікірлер, жарқын сәттердің де ізі қалдырылуда. Түлектер бүгінде еліміздің түкпір-түкпірі мен шет елдерде еңбек етіп, жақсы аттарын шығарып, танымал болып жүр.

«Журналистика» кафедрасының бұрынғы студенттері мен магистранттары, бүгінде білікті де білімді мамандар. Кәсіи біліктілікпен бұқаралық ақпарат құралдарының әртүрлі тетіктерінде абыройлы еңбек етуде, қайсыбірі ұжым басқарып биік белестерден көрінуде. Олардың айтуынша, журналистің еңбек жолы қарапайым да қиындыққа толы болумен қатар қызықты әрі тартымды. Өйткені, журналистер кәсіби борыштарын атқару ісінде қашанда қайнаған өмірдің ортасында жүреді.