5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті

Тіл және әдебиет институтыҚазақ филология кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы: білім беру; тәрбиелеу, ұйымдастыру жұмыстары; әдеби-мәдени; бұқаралық-ағарту қызметтері.

Кәсіби қызметінің нысандары: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары, бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер, мамандандырылған мектептер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
  • ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
  • әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);
  • ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде); 
  • өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде)
  • әдеби кеңесші.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры: қазақ тілі мен әдебиеті саласында толыққанды және сапалы кәсіптік білім алуы, педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару, білім алушылардың танымдық қызмет әдістерін белсенді меңгеру бағдары, білім беру маңыздылығы, барлық білім беру процесінің білім алушы тұлғаға бағытталуы, оның өзін-өзі ашуына және өзін-өзі көрсете білу мүмкіндігіне жағдай жасау, түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың кәсіби бағдарына және өз бетімен білім алуына жағдай жасау, педагогикалық қызметті педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім берудің қазіргі талаптары және объективті заңдылықтары ескерілген жеке кәсіби қызметін жоспарлау болып табылады.

Учебные результаты 5В011700 Казахский язык и литература