5В011800 Орыс тілі және әдебиет

Тіл және әдебиет институтыОрыс тілі және әдебиет кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: білім беру.

Кәсіби қызмет объектілері: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиені ұйымдастыру; бастауыш, негізгі және кәсіптік мектептер, мамандандырылған мектептер; техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру.

Кәсіби қызмет объектілері:

  • білім беру;
  • эксперименталды-зерттеушілік;
  • ұйымдастырушы-басқарушылық;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • оқу-тәрбиелік;
  • оқу-технологиялық.

Кәсіби қызмет мазмұны: педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыру және басқару, оқитындарды тану ісінің әдістерін белсенді түрде меңгеруіне бағдарлау, білім берудің тұлғалық мағыналылығы, білім үдерісін түгелдей оқитындар тұлғасына бағдарлау, оның өзін-өзі ашу және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдану, оқитындардың өз білім деңгейін көтеру және кәсіптік бағдарлануына қолайлы жағдайлар жасау, оқитындардың мәдениаралық коммуникация субъектісінің қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, әлем бейнесін оқитын тілдің амалдарымен көрсететін, педагогикалық қызметті психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру, орыс тілі мен әдебиетінің объективті заңдылықтары мен қазіргі заманға сай талаптары ескерілген жеке кәсіптік әрекеттерді жоспарлау.