5В020700 Аударма ісі

Тіл және әдебиет институтыГерман филология кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5B020700 «Аударма ісі» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы:

  • әкімшіліктік-басқару саласы;
  • білім және ғылым саласы;
  • мәдениет және мәдениетаралық қарым-қатынас саласы;
  • халықаралық қатынас саласы;
  • баспа ісі саласы;
  • бұқаралық ақпарат құралдары саласы;
  • ақпараттық-талдамалық саласы және т.б.

Кәсіби қызмет объектілері: мәдениет мекемелері, халықаралық ұйымдар, әр түрлі ақпараттық-талдау орталықтары, елшіліктер және өкілдіктер, министрліктер, туризм агенттігі, баспалар, аударма бюросы және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • аудармашылық (түрлі жанрдғы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздер, халықаралық кездесулер мен конференциялардың ауызша аудармасы);
  • ұйымдастырушылық (түрлі шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық органдар  мен ұйымдарды құру);
  • өндірістік-басқарушылық: отандық, шетелдік, біріккен кәсіпорындар мен ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде кәсіби міндетті (әр түрлі аударманың түрлері) орындай және/немесе басқару;
  • ақпараттық-талдамалы: саяси-әлеуметтік талдау жасау, ресми іс-қағаздар, есептер, шолу жазу, жағдайларға болжам жасай білу, аударманы редакциялау;
  • ғылыми-зерттеу (аударматану және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері бойынша ғылыми мақалалар мен баяндамалар жасау, практикалық материалды жинақтау және өңдеу);

Кәсіби қызмет мазмұны: аудармашы республикадағы өзге мемлекеттермен ғылыми-мәдени, сыртқы саяси, сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдарда; экономиканың әр салаларында, халықаралық туризм жүйесі мен ақпараттық-талдау қызметтері мен агенттіктерінде кәсіби жазбаша (толық және/немесе қысқаша) және ауызша (ілеспелі) аударма жасау тиіс.