5В050400 Журналистика

Тіл және әдебиет институтыЖурналистика кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В050400 «Журналистика» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: коммерциялық және қоғамдық бағыттағы медиакоммуникациялық және зерттеу құрылымдары, қоғамдық өмірдің барлық салалары, экономиялық, саяси, ұйымдастырушылық және әлеуметтік өмірдің үрдістері, мемлекеттің, оның аймақтық және жергілікті құрылымдарының өмір сүруі мен дамуының проблемалары, адам мен қоғам өзара байланысының мәселелері, адамзаттың өзекті мәселелері, экономикалық, саяси, экологиялық, әлеуметтік және басқа да мәселелер.

Кәсіби қызмет объектілері:

  • отандық және шетелдік баспа және электронды БАҚ;
  • отандық және шетелдік ақпарат агенттіктері, мемлекеттік және тәуелсіз органдардағы жаңалықтар қызметі;
  • отандық және шетелдік баспалар мен полиграфиялық кешендер;
  • отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметтері;
  • Қазақстандағы және шетелдердегі бұқарамен байланыс бөлімдері мен оның құрылымдары;
  • Қазақстанның және шетелдердің саяси, әлеуметтік және маркетингтік зерттеу және консалтингтік құрылымдары;
  • жарнама агенттіктері;
  • желілік ақпараттық құрылымдар;
  • ойын-сайықтық қызметтер мен шаралар нарығы.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ақпараттық-шығармашылық;
  • ақпараттық-референттік;
  • ақпараттық-талдамалы;
  • көркем-публицистикалық;
  • ұйымдастырушылық-басқару;
  • кеңесшілік-сараптама;
  • тергеу;
  • тәжірибелеік-зерттеу.

Кәсіби қызмет мазмұны: кешенді болып сипатталады – қоғамға саяси, адамгершілік, мәдени ықпал ету және қоғамдық пікірді қалыптастыруды қамтиды.

  • шығармашылық қызметі: маңызды әлеуметтік оқиғаларды жинақтап және өңдей отырып журналистік материалдар жасау, жақын және алыс шетелдердің саяси-әлеуметтік және экономикалық өмірін көрсету; ҚР Конституциясы мен ҚР БАҚ Заңдарының шеңберінде әдепті, сыпайы шығармашылық белсенділік;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі: БАҚ редакцияларын, бөлімдерін, жарнама агенттіктерін басқару, продюсерлік жұмыс, әртүрлі медиаортада ақпараттық-коммуникациялық жаңартуды енгізу және жаңа технологияларды қолдану; бірлескен ақпараттық-коммуникациялық жобалар шеңберінде халықаралық медиақұрылымдармен бірлесіп жұмыс істеу;
  • ақпараттық қызметі: қоғамда болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды БАҚ-та жария ету;
  • талдамалық қызметі: қоғамдық жағдайларды түсіндіру және талдау, қолда бар жұмыс құралдары мен әдістерін пайдалана отырып, адамзаттық білім салаларында тиісті тарихи, жедел және футурологиялық талдау жасау;
  • кеңесшілік қызметі: қоғамммен байланыс мәселелері ойынша ақпарат және кеңес беру, редакциялар, баспасөз қызметтері, ақпараттық агенттіктер, бұқарамен байланыс құрылымдары мен бөлімдері, саяси әлеуметтік зерттеулер мен консалтингтік құрылымдар, интернет сайттар, ойын-сауықтық қызмет кешендері және басқа да медиа шаралар мен акцияларға қатысты жұмыс үрдісіне қолдау көрсету.

5В050400 «Журналистика» мамандығының оқу нәтижелері

5В050400 «Журналистика» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.