5В050800 Есеп және аудит

Тарих, экономика және құқық факультетіЭкономика және есеп кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: мемлекеттік органдар, барлық меншік түріндегі мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы, ғылыми-зерттеу ұйымындағы экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдары

Кәсіби қызмет обьектілері: кәсіпорын мүлігі, оның міндеттемесі, капиталы және активтер мен оларды қалыптастыру көздерінде өзгерістер тудыратын шаруашылық операциялары, сонымен қатар ,экономиканың әр түрлі саласындағы шаруашылық субъектілері, Министрліктер мен ведомстволар, Салық комитеті, статистика бойынша ҚР Агенттігі, меншік формасына немесе көлеміне, қызмет түріне тәуелсіз мекемелер мен фирмалар, басқару органдары,ғылыми зерттеу мекемелері,банк жүйесі

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ұйымдастыру-басқару;
  • есептік-жобалау;
  • білім беру (педагогикалық).

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • есептеме мен қаржылық есептің принциптерінің  мәнін жазу;
  • кәсіпорынның өзгешеліктерін ескере отырып есеп саясатын жасау;
  • шаруашылық операцияларының есебін  дұрыс ұйымдастыру және жүргізу;
  • мүліктердің, міндеттемелер мен капиталдың  қозғалыстарын есеп құжаттарында уақытылы тіркеу;
  • барлық әлеуметтік саладағы және мекемелердегі кәсіпкерлердің субъектісі үшін қаржылық есеп беруді құру;
  • қаржылық есептемені корпоративтік және корпоративтік емес ұйымдар үшін даярлау;
  • әлеуметті-экономикалық, қоғамдық саясаттық құбылыстарды динамикада талдау; қысқа және ұзақ мерзімді болжаулар жасау;
  • әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың құрылымын және олардың жиынтығын меңгеру;
  • бухгалтерлік есептің мәліметтерін тіркеу, өңдеу, түгендеу;
  • бухгалтерлік есеп әдістемесін ұғыну;
  • өзінің көзқарастарын ойлы, дәлелді жеткізе білу;
  • талдау негізінде оқылатын үрдістің дамуындағы пайда болатын тенденцияларды анықтау;
  • экономикалық жағдайларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау;
  • басқару және өндірістік қызметтің деңгейін арттыруға ықпал ету;
  • шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және аудит жүргізу.

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының оқұ нәтижелері

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының үлгілік оқұ жоспары, 2013ж.