5В060200 Информатика

Ақпараттық технологиялар факультеті"Ақпараттық жүйелер" кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В060200 «Информатика» мaмандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: информатика және қолданбалы математика; ақпараттық технологиялар, аймақтық және жаһандық ақпараттық желілер және Internet-технологиялар.

Кәсіби қызмет обьектілері: жобалау және ғылыми-зерттеу институты, басқару органдары, ақпараттық технологиялар департаменті, қаржы ұйымдары, бизнес-құрылымдар, білім беру ұйымдары, оқу орындары, өнеркәсіптік өндіріс.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ғылыми-зерттеу;
  • ғылыми-технологиялық;
  • ғылыми-өнідірістік;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • білім беру.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • ғылыми-зерттеу қызметі:
    • аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жүйелердің әдістері, алгоритмдері, - бағдарламаларын талдау, теориялық және эксперименталдық зерттеу;
    • кәсіби қызмет объектілер жұмысымен байланысты есептеуіш және ақпараттық үрдістің математикалық, бағдарламалық үлгілерін құру және зерттеу.
    • ақпараттық-бағдарламалық кешендердің жоспарларын және бағдарламаларын зерттеу әдістерін құрастыру;
    • тиімді аппараттық-бағдарламалық жүзеге асыру мақсатымен құбылыстардың, үрдістері мен жүйелерінің математикалық үлгілерін таңдау және түрлендіру, оларды компьютерлік технология құралдары арқылы зерттеу;
    • ғылыми зерттеулерде, жобалау-конструкторлық қызметтерде, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқаруда және адам қызметінің гуманитарлық саласында математикалық үлгілер, әдістер, компьютерлік технологиялар мен шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелерін таңдау;
    • кәсіби қызметтегі объектілерді құру үшін қолданылатын формалды үлгілер мен әдістерді өңдеу.
  • ғылыми-технологиялық қызмет:
    • пайдаланушылардың сұранысын, пәндік сала үлгісі мен техникалық құралдардың мүмкіндіктерін талдау негізінде кәсіби қызмет обьектілерінің жеке құрама бөлшектерінің талаптары мен ерекшеліктерін құрастыру;
    • аппараттық-бағдарламалық кешендердің адамдық-машиналық интерфейсін жобалау;
    • аппараттық-техникалық кешендерді тиімді жүзеге асыру үшін есептеу техникасының құралдары мен бағдарламалау құралдарын пайдалану;
    • есептеуіш жүйесі мен автоматтандырылған жүйелерді математикалық, лигвистикалық, - ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етілуін жобалаудың әдістері, - құралдары мен технологиялары, сонымен қатар жобалау жүйелерін пайдалану;
    • кәсіби қызмет обьектілерін сертификаттау;
  • 3) ғылыми-өндірістік қызмет:
    • есептеуіш жүйесі, автоматтандырылған жүйенің құрама бөлшектерін құрастыру және белгіленген сапада, белгіленген мерзімде бағдарлама мен бағдарламалық кешендерді өндіру;
    • ақпараттық жүйедегі бағдарламалық кешендерді тестілеу және өңдеу;
    • аппараттық және бағдарламалық құралдар, кешендер мен желілерді жинақтау;
  • 4) ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметі:        
    • кәсіби қызмет обьектілерін дайындау мен зерттеу үдерісін ұйымдастыру кезінде технология, аспаптық құралдар технологияларды таңдау;
    • белгіленген уақытта белгіленген сапамен кәсіби қызмет объектілерін дайындау үрдісінің жеке кезеңдерін ұйымдастыру;
    • кәсіби қызмет объектілерін дайындау үрдісін бағалау, бақылау және басқару;
    • кәсіптік қызметтің объектілерін дайындау үрдісін ұйымдастыру шеңберінде қызметкерлерді оқыту;
  • 5) білім беру қызметі:
    • оқу үрдісіне жаңа компьютерлік технологияларды жобалау, дайындау және енгізу;
    • белгіленген стандартқа сәйкес осы заманғы әдістер, құралдар мен технологиялар негізінде оқу-әдістемелік материал дайындау;
    • қашықтықтан оқытудың түрлі формалары мен үлгерімді бақылаудың электрондық формаларын енгізу.

5В060200 «Информатика» мамандығының оқу нәтижелері

5В060200 «Информатика» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.