Математика және жаратылыстану ғылымдарының факультеті → Математика және информатика кафедрасы
Академиялық дәрежесі: 6B06103 «Информатика» мaмандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры.
Кәсіби қызмет саласы: информатика және қолданбалы математика; ақпараттық технологиялар, аймақтық және жаһандық ақпараттық желілер және Internet-технологиялар.
Кәсіби қызмет обьектілері: жобалау және ғылыми-зерттеу институты, басқару органдары, ақпараттық технологиялар департаменті, қаржы ұйымдары, бизнес-құрылымдар, білім беру ұйымдары, оқу орындары, өнеркәсіптік өндіріс.
Кәсіби қызмет түрлері:
- ғылыми-зерттеу;
- ғылыми-технологиялық;
- ғылыми-өнідірістік;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- білім беру.
Кәсіби қызмет мазмұны:
- ғылыми-зерттеу қызметі:
- аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жүйелердің әдістері, алгоритмдері, - бағдарламаларын талдау, теориялық және эксперименталдық зерттеу;
- кәсіби қызмет объектілер жұмысымен байланысты есептеуіш және ақпараттық үрдістің математикалық, бағдарламалық үлгілерін құру және зерттеу.
- ақпараттық-бағдарламалық кешендердің жоспарларын және бағдарламаларын зерттеу әдістерін құрастыру;
- тиімді аппараттық-бағдарламалық жүзеге асыру мақсатымен құбылыстардың, үрдістері мен жүйелерінің математикалық үлгілерін таңдау және түрлендіру, оларды компьютерлік технология құралдары арқылы зерттеу;
- ғылыми зерттеулерде, жобалау-конструкторлық қызметтерде, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқаруда және адам қызметінің гуманитарлық саласында математикалық үлгілер, әдістер, компьютерлік технологиялар мен шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелерін таңдау;
- кәсіби қызметтегі объектілерді құру үшін қолданылатын формалды үлгілер мен әдістерді өңдеу.
- ғылыми-технологиялық қызмет:
- пайдаланушылардың сұранысын, пәндік сала үлгісі мен техникалық құралдардың мүмкіндіктерін талдау негізінде кәсіби қызмет обьектілерінің жеке құрама бөлшектерінің талаптары мен ерекшеліктерін құрастыру;
- аппараттық-бағдарламалық кешендердің адамдық-машиналық интерфейсін жобалау;
- аппараттық-техникалық кешендерді тиімді жүзеге асыру үшін есептеу техникасының құралдары мен бағдарламалау құралдарын пайдалану;
- есептеуіш жүйесі мен автоматтандырылған жүйелерді математикалық, лигвистикалық, - ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етілуін жобалаудың әдістері, - құралдары мен технологиялары, сонымен қатар жобалау жүйелерін пайдалану;
- кәсіби қызмет обьектілерін сертификаттау;
- 3) ғылыми-өндірістік қызмет:
- есептеуіш жүйесі, автоматтандырылған жүйенің құрама бөлшектерін құрастыру және белгіленген сапада, белгіленген мерзімде бағдарлама мен бағдарламалық кешендерді өндіру;
- ақпараттық жүйедегі бағдарламалық кешендерді тестілеу және өңдеу;
- аппараттық және бағдарламалық құралдар, кешендер мен желілерді жинақтау;
- 4) ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметі:
- кәсіби қызмет обьектілерін дайындау мен зерттеу үдерісін ұйымдастыру кезінде технология, аспаптық құралдар технологияларды таңдау;
- белгіленген уақытта белгіленген сапамен кәсіби қызмет объектілерін дайындау үрдісінің жеке кезеңдерін ұйымдастыру;
- кәсіби қызмет объектілерін дайындау үрдісін бағалау, бақылау және басқару;
- кәсіптік қызметтің объектілерін дайындау үрдісін ұйымдастыру шеңберінде қызметкерлерді оқыту;
- 5) білім беру қызметі:
- оқу үрдісіне жаңа компьютерлік технологияларды жобалау, дайындау және енгізу;
- белгіленген стандартқа сәйкес осы заманғы әдістер, құралдар мен технологиялар негізінде оқу-әдістемелік материал дайындау;
- қашықтықтан оқытудың түрлі формалары мен үлгерімді бақылаудың электрондық формаларын енгізу.
6B06103 «Информатика» мамандығының оқу нәтижелері
6B06103 «Информатика» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.