5В071300 Көлік, көлік техникасы мен технологиясы

Инженерлік-техникалық факультетКөлік және машина жасау кафедрасы

Академиялық дәреже: 5В071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.

Кәсіби қызмет  өрісі: көлік техникасын жобалаумен, пайдалану және жөңдеумен, сондай-ақ көлікті пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу қызметтерімен байланысты кешенді мәселелерді шешуге бағытталған адамзат қызметінің әдістері мен тәсілдерін, құралдарын қамтитын материалды өндіріс саласында қызмет ету тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстары үшін дайындалады.

Кәсіби қызмет объектілері: көлік техникасы мен жабдықтарын жасайтын машина жасау зауыттары, көлік техникасын пайдаланатын мекемелер мен ұйымдар; құрылымдық, жобалау және технологиялық ұйымдар; машина жөндеу кәсіпорындары; машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және делдалдық орталықтары; маркетингтік және көліктік- экспедициялық қызметтері; көлікті басқару қызметтерінің материалдық- техникалық қамсыздандыру жүйелері.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • Ұйымдастыру-технологиялық қызметі:
    • көлік техникасын жасауға және жөңдеуге құрылымдық, технологиялық және жобалау- сметалық құжаттарды әзірлеу;
    • орындаушы ұжым жұмысын ұйымдастыру, түрлі пікірлерді ескеру және басқару шешімдерін қабылдау;
    • оңтайлы шешім анықтауда және жоспарлаудың әрбір түріндегі түрлі талаптар есебімен (құндық, сапалық, орындау мерзімдері мен қауіпсіздік) ымыралық шешімдер;
    • сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ету мақсатымен түрлі шығындарды есепке алу.
  • Өндірістік-басқару қызметі:
    • көлік техникасы және жабдықтарын дайындау технологиясын жетілдіру;
    • технологиялық процестер, материалдар және дайын өнім сапасын бақылау;
    • өндірістік процесттерді жүзеге асыру үшін материалдарды, жабдықтарды және басқа құралдарды таңдау және тиімді қолдану;
    • өнім сапасы көрсеткіштерінің өлшеу құралдарын метрологиялық тексеру;
    • көлік техникасы және жабдықтарын, оларды жасау және жөндеу технологияларын стандарттау және сертификаттау шараларын жүргізу; 
    • көлік техникасын пайдалану және жөндеумен байланысты қызметтерді, кәсіпорындарды ұйымдастыру және басқару.
  • Жобалау қызметі:
    • жобаның мақсаттарын және міндеттерін анықтау, олардың құрылымдарының өзара байланысын құруда түрлі факторларды ескеру және мәселе шешудің басым бағытын анықтау;
    • салдарларды болжау проблемаларын шешудің нұсқаларын әзірлеу және талдау, жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру;
    • технологиялық, құрылымдық, эстетикалық, экономикалық және тағы басқа параметрлерді ескеріп, машиналар мен жабдықтардың  жобасын әзірлеу;
    • материалдарды, көлік техникасын және жабдықтарды таңдауда ақпараттық технологияларды қолдану.

Кәсіби қызмет  мазмұны

  • көліктік өндіріс мекемелерінің қызметтерін ұйымдастыруға және басқаруға;
  • өндірістік-технологиялық, күту-пайдалану, құрастыру-баптау және жобалау бөлімшелерінің құрылымын жасауға;
  • көлік техникасы мен жабдықтарын жасауға және жетілдіруге.

5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар оқу нәтижелері 

5В071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.