5В072900 Құрылыс

Инженерлік-техникалық факультет → Көлік және машина жасау кафедрасы

Академиялық дәреже: 5В072900 «Құрылыс» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Кәсіби қызмет өрісі: құрылыс, машина жасау құрылысы, химиялық, таукен ісі, мұнай және газ өнеркәсіптері, металлургия саласы.

Кәсіби қызмет нысандары: құрылыс- жинақтау басқармалары мен ұжымдары, құрылыс бұйымдарын өндіретін зауыттар, коммуналды шаруашылық мекемесі, құрылыс техникасы мен қондырғыларын жөндеу және пайдалану мекемелері, құрылыс бойынша акционерлік бірлестік.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • өндірістік-басқарушылық – ғимараттарды, имараттарды инженерлік жүйелер мен жабдықтарды тұрғызу, жаңғырту бойынша құрылыс- жинақтау жұмыстарын атқаратын; құрылыс машиналарын, механикалық, электрлік жабдықтарын және автоматтау құралдарын пайдаланатын және жөндейтін ұжымдарды басқару;
  • жобалау-конструкторлық – ғимараттар мен имараттарды, инженерлік жүйелерін, механикалық және электрлік жабдықтары мен механизациялау құралдарын тұрғызу және жаңғырту бойынша жобалық-конструкторлық жұмыстарын орындау;
  • ғылыми-педагогиялық – жалпы білім беру мекемелерінде және зерттеу орталықтарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізуге, ғылыми- зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу.

Кәсіби қызметінің мазмұны: ғимарат пен имараттың есептерін білікті жүргізу, техникалық шешімдерді сапалы безендіру, экология мен тіршілік қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, құрылыста техникалық ғимараттарды жаңғырту, құрылыс- жинақтау жұмыстарын жүргізу.

5В072900 «Құрылыс» мамандығының үлгілік оқұ жоспары, 2013ж.