"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу

Social Projects оf Kozybayev University

Студенттік жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, жобалық іс-әрекет дағдыларын игеру, тиімді коммуникацияның психологиялық негіздерін зерделеу, қоғамның нақты мәселелерін шешуге қосу арқылы сыни ойлауды қолдану шеңберінде ағымдағы оқу жылында университетімізде "Community Engagement" жаңа пәні енгізілді.

Семестр ішінде студенттер әлеуметтік жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Жобалардың бірі "Social Projects of Kozybayev University" сайтын құру болды - http://sjw.nku.tilda.ws , онда біздің университет студенттері жүзеге асырған жобалар туралы ақпаратты табуға болады.

http://sjw.nku.tilda.ws сайтына кіріп, студенттік жобаларға қатысыңыздар.