Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Міндеттері

  • университеттегі еңбек қауіпсіздігі мен қорғауын басқару жүйесінің әзірленуі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету
  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғауын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы саласының бақылаушы органдарының заңды актілерді ұстануын, стандарт, қаулылар, өкімдер мен ұйғарымдарын бақылау
  • еңбек қорғау жағдайын жақсарту бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу
  • университет бөлімдеріне міндетті медициналық қараулардан өту үшін мамандықтар мен лауазымдардың тізімін құрастыруға және де заңнама негіздеріне сәйкес еңбектің ауыр, зиянды немесе қауіпті жағдайларына байланысты өтемақы мен жеңілдік берілетін мамандықтар мен лауазымдардың тізімін құрастыруға; еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы бойынша нұсқауларды әзірлеуіне және қайта қарауына; еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы бойынша қызметшілердің оқытылуы мен білімдерін тексеруде әдістемелік көмек көрсету
  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы бойынша жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметшілермен кіріспе нұсқама өткізу
  • өндірісте болған оқиғаларды зерттеуде, кәсіби ауру, олардың себептерін анықтау, оларды болдырмау іс-шараларын талдайды
  • арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғану құралдарының химиялық тазартуын, кептірілуі мен жөнделуін, жуылуын, берілуі мен сақталуын ұйымдастыру бойынша бақылау жүргізу
  • барлық бөлімдік құрылымның қызметшілерімен еңбек қауіпсіздігі мен қорғауын бұзуларын жою бойынша қабылданған іс-шараларды міндетті түрде орындау үшін бұйрықтарды беру

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі инженер

Тлеулин Кайрат Негметович


Телефон: +7 (7152) 493233, ішкі 1290
Аудитория: 215, 4 корпус