5В072700 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

Жаратылыстану ғылымдары және спорт факультетіОрганикалық химия және ЖМҚ химиясы кафедрасы

Академиялық дәреже: 5В0727700 «Азық-түлік өнімдері технологиясы» техник және технология мамандығы бойынша бакалавры.

Мамандық іс-әрекет нысандары: азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, жобалау институттары, ғылыми мекемелер, оқу орындары.

Мамандық іс-әрекеттің түрлері:

  • технологиялық тәртіптің сақталуын бақылау;
  • технологиялық жұмыстарды жетілдіру және жаңа өнімдер жасап шығаруда қор сақтайтын технологиялық үрдістерді игеру жұмыстарына қатысу;
  • кәсіпорынның техникалық жабдықталуы мен өндірістік іс-әрекетін экологиялық, еңбекті қорғау, өрт-жарылу қауіптілігі және өндірістік санитария талаптарын есепке ала отырып талдау;
  • қоғамдық тамақтану аясындағы қызмет түрлерін кеңейту;
  • технологиялық үрдістерді жүргізу.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • тағам өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы технологиялық үрдісті ұйымдастыру және жүргізу;
  • дайын өнімнің сапасы мен шығымын арттыру үшін технологиялық үрдістердің тиімділігін арттыру және жетілдіру;
  • тағам өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;
  • тағам өнеркәсібіндегі шикізатты, қоғамдық тамақтанудағы өнімдер құрам бөлігі және дайын өнім мен бұйымдарды технологиялық бақылау;
  • стандарттар талаптарына жауап беретін жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ету;
  • еңбек ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру және басқармалық шешімдер қабылдау;
  • экология, өндірістік санитария еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ өрт және жарылыс қауіпсіздігі талаптарын ескеріп, кәсіпорындардың техникалық жабдықталуы мен өндірістік іс-әрекетін талдау;
  • технико-экономикалық көрсеткіштер мен маркетингілік іс-әрекетті талдау.