"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек.

В.О.Ключевский
Факультеттер жаңалықтары
АФ: Дала күні

2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу

ТжӘИ: «Мағжан Жұмабаев: тұлға, әдеби үрдіс және тілтаным» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті  әрі қарай оқу

Барлығын оқу

«SHYŃ» пікірсайыс клубы

 Instagram  YouTube  TikTok

Пікірсайыс – бұл ереже нақты сақталған пікірталастың ерекше түрі болып табылатын зияткерлік ойын. Жарыссөздер сыни және логикалық ойлауды дамытады, коммуникативтік мәдениет пен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, дербес шешім қабылдауға дайындайды, тұлғаның қоғамның болашақ көшбасшылары ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Қазіргі қоғамда адам бойындағы осындай қасиеттер жоғары маңызға ие. Ал «SHYŃ» интеллектуалды пікірсайыс клубы осы қасиеттерді бойыңызға дарытуға өз күшін салмақ.

Клубқа қосылу арқылы сіз:

  • жаңа достар таба аласыз;
  • еліміздің түкпір-түкпірін аралайсыз;
  • пікірсайыстық қарым-қатынас орнатып, жаңа идеялар алаңын тудырасыз;
  • өзіңізге деген сенімділікті арттырасыз;
  • студенттік өміріңізді пайдалы, тиімді, ұтқыр, әрі көңілді өткізесіз;
  • университет өмірінде, іс-шараларда белсенділік көрсете аласыз.

Пікірсайыстардың негізгі сипаттамасы қарама-қарсы көзқарастар қақтығысын қамтамасыз ететін ережелердің болуы болып табылады. Өз позициясын оппоненттер позициясымен салыстыра отырып, төрешіге өзінің басымдығына сендіру қажет.

Бүгінгі таңда пікірсайыстар бүкіл әлемнің мектептері мен университеттерінде өтіп, Қазақстандағы жастар қызметінің ең танымал түрлерінің бірі болып табылады.

Пікірталастың мәні: бейтарап үшінші тарапты, төрешілерді, сіздің дәлелдеріңіз қарсыласыңыздың дәлелдерінен жақсы екеніне сендіру. Мәні қарапайым болғанымен, қалаған нәтижеге қол жеткізетін стратегиялар мен техника қиын болуы мүмкін.

Республикалық деңгейдегі пікірталастың негізгі форматтары бар: Карл Поппер форматы, Американдық – Парламенттік формат, Британдық – Парламенттік формат, Линкольн-Дуглас форматы.

Клубтың міндеті:

  • Жоғары оқу орнының студенттерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру;
  • Шешендік шеберлікке және пікірталас жүргізу ережелерін үйрету;
  • Талас ахуалдарды дипломатиялық түрде шешуді үйрету;
  • Өз көзқарасыңды қорғауға үйрету;
  • Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жаңа идеялар табу;
  • Дарынды жастарды ынталандыру.

 [gallery_97]